Ақ сыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақ СЫР — олифа, май және басқа біріктіргіш заттармен қосылып ақ түсті бояу құрайтын ақ пигменттер. Ақ сырдың титан, күкірт, қалайы, қорғасын ерітінділері қосылып жасалатын түрлері бар. Титан ерітінділері қ осылған ақ сыр — қос қышқылды титан — ішкі және сыртқы өңдеу (сырлау) жұмыстарына қолданылатын, атмосфералық әсерге төзімді эмальдарды әзірлеуге кеңінен пайдаланылады. Бұл сырдың өзінің сіңімділігі жағынан (сырланатын 1 м2 ауданға жұмсалатын материал) басқа ақ пигменттерден артықшылығы бар. Дайындалған ақ сырдың сіңімділік — 1 м2ауданға 50—70 г. Жалтырау коэффициенті 98,9%. Күкірт ерітіндісі қосылған ақ сыр (литопол)— ішкі өңдеу жұмыстарына қажетті эмаль және жай сырларды әзірлеуге қолданылатын ұнтақ порошок. Атмосфералық әсерге төзімсіз, жарықтық әсерінен қоңырқай тартып кетеді. Литопонның сіңімділігі — 1 м2ауданға 110 г., жалтырау коэффициенті 97,8%.