From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Grus leucogeranus |
Ақ тырна | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақ тырна
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Grus leucogeranus Pallas, 1773 | ||||||||||||||
Migration routes, breeding and wintering sites
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Bugeranus leucogeranus |
Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның эндемик. ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет. 1981 жылдан Халықараралық “Ақ тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығында, Американың Барабу, Германияның Вальсроде питомнигінде қолдан өсірілуде.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.