Байкал жотасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Байкал жотасы (бур. Байгалай дабаан) — Байкал көлінің солтүстік-батыс жағалауындағы тау жотасы. Ұзындығы 300 км-дей. Ең биік жері - Черский тауы (2572 м). Жотаның тауларының орта биіктігі - 1900-2200 м.
Quick Facts Сипаттамасы, Ұзындығы ...
Байкал жотасы | |
бурятша: Байгалай дабаан | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы |
300 км |
Ең биік шыңы |
Черский тауы |
Биіктігі |
2572 м |
Орналасуы | |
54°00′ с. е. 108°00′ ш. б.54.000° с. е. 108.000° ш. б. / 54.000; 108.000 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер |
Ресей |
Close
Негізінен протерозойдың кристалды тақта тас, гранитінен түзелген. Байкал көліне қараған тік беткейі - 900-1000 м, биіктікке дейін орманды дала, қарағай орманы, ал одан жоғары қылқан жапырақты тайга. Жотаның орта және солтүстік бөлігінде жалпақ жапырақты тайга басым. 1400 м биіктіктен жоғарыда жалпақ жапырақты селдір орман, тау тундрасы мен қорым тас[1]. Жотаның оңтүстік жағында Байкало-Ленский корығы орналасқан.