Байлар-Жандарқазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүздің Қоңырат тайпасының Көктіңұлының (Тәңірберген) үш баласы болған, олар (Абатқұл, Жабатқұл, Қара). Абатқұлдан Байыс, Боғыз, Тайыс, ал Боғыздан Байдербіс пен Жандербіс тарайды.

Байлардан - КөшікКөбек, Құланшы, Елбақ-Қойбақ.

Жандардан - Сырымбет, Қарабала, Шора пальцы, Жолдербіс, Мама-Сүйіндік, Қазаяқты, Байжігіт, Баймұрат.

«Жандарлар» Евразия құрлығында, Түркі халықтарының құрамында көптеп кесдеседі. «Жандарлар» тіл үндестігіне байланысты, әр халықта әр қалай аталады. Мысалға: Жандар, Яндар, Чандар, Шандар, Түркия мемлекеті Анадолы да Жандароғұллары деген атпен белгілі. Жандароғұллары Түркия (Осман ) империясын құруда маңызды рөл атқарған тайпалардың бірі, (Исфандиярогуллары деп те айтылады). Солтүстік Кавказ, Дағестан республикасында Құмық халқының құрамында 40-мыңдай Джандар тайпасының өкілдері Каякент,Кайтағ аудандарында тұрады. Қарақалпақ халқының құамындағы Жандарлар, Жанлар деген атпен белгілі. Ресей, Башқұрт халқының құрамында Байлар-Жандар тайпасының, Байлар руы жасайды. “Жандар” тайпасы қытай деректемелерінде Янтор, Янто деген атпен белгілі. Қытай деректерінен алынған мәліметтерге сүйенсек Қыпшақ мемлекетінің негізін қалаушы қуатты екі Сир (Сыр) мен Янтор(Жандар) тайпалары болған. Атақты Шынғысханның анда дос дала баты,гурхан Жамуха осы жандар тайпасының өкілі болған.[1]

Тұлғалар

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.