From Wikipedia, the free encyclopedia
Балканизация, Балқантану — Балқан түбегін қоныстанған халықтың тілін, әдебиетін, тарихын, жағдайын, саяси өмірін зерттейтін ғылыми пәндердің жиынтығы. Балқантану мәселелері XIX ғасырда серб географы И.Цвийгтың, Чехия тарихшысы К.Ирегектің, неміс лингвистері Г.Вейганд пен Г.Мейердің, даниялық лингвист ғалым К.Сандфельдтің еңбектерінде қарастырылып, жанжақты зерттеле бастады. XX ғасырдың ірі Балқантанушы ғалымдары Хорват П.Скок, орыс А.М.Семещев, даниялық Х.Педерсон, австриялық Н. Йокль, румындық Т. Капидан болды. Бастапқы кезде Балқантану тек лингвистика және мәденит-тарихи салаларды ғана қамтып, балқан халықтарының тілдері мен мәдениеттеріндегі ортақ құбылыстарды: фольклорлық нақыштардың орталығын (эпостағы, ертегі) музыка мәдгі, қолөнердегі, киім-кешектегі және бірқатар көне салт-дәстүрлердегі ұқсастықтарды зерттеуді мақсат етті. Уақыт өте келе Балкантану шығыстану, славянтану, түркітану ғылым салалары сияқты жеке пән ретінде қалыптасып, гуманитарлық ғылымдардың басқа да салаларына тарала бастады. 1963 ж. Балқантануға арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін зерттеу жөніндегі халықтар қауымдастығы құрылды. Балқан түбегіндегі бірқатар елдерде Балқантану ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Олар: Болгариядағы Балканистика институты, Румыниядағы Оңүстік Шығыс Еуропалық зерттеулер институты және т.б. қайта құрылып қазіргі кезде Р.Ф. ғылым академиясының жанында Славянтану және балканистика институты (1968) жұмыс істеуде. Балқантану саласы бойынша материалдар "Études Balcaniques" (Sofia, 1964), "Revue des Études Sud-Est-Européennes" (Buc., 1963), Balkan Studies" (The Scalanike, 1960) сияқты жұрналдарда жарияланады. Ұмыт бола бастаған Балқантану мәселелері XX ғасырдың 90 ж. күн тәртібіне қайта қойылды. Қазақстанда Балқантану қалыптаспаған, көне кезеңдегі түркі және Балқан халықтары арасындағы байланыстар жөнінде кейбір ізденістер нышаны ғана бар.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.