Балқаш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.
Quick Facts Морфометрия, Гидрология ...
Балқаш | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 340 м |
Өлшемі | 605 × 9-дан 74 км |
Ауданы | 18 200 км² |
Көлемі | 105 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 2385 км |
Тереңдігі | 26,5 м |
Орташа тереңдігі | 5,8 м |
Гидрология | |
Судың тұздылығы | Көлдің батыс жағы тұщы, шығыс жақтың тұздылығы 5,2‰ |
Судың мөлдірлігі | 1-5,5 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 413 000 км² |
Құятын өзендер | Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз |
Орналасуы | |
46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.46.5408° с. е. 74.8789° ш. б. / 46.5408; 74.8789 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақтар | Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы |
Балқаш Ортаққорда |
Close
Басқа мағыналар үшін Балқаш (айрық) деген бетті қараңыз.
Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында, әлемдегі ең үлкен көлдер тізімінде 14-ші орында. Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Көлдің солтүстігінде кең Қазақтың ұсақ шоқысы, батысында Бетпақдала, ал оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм және Сарыесік-Атырау құмдары орналасқан.