Барша жандардың біртұтастығы шіркеуі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Барша жандардың біртұтастығы шіркеуі

Барша жандардың біртұтастығы шіркеуі - Лондонның орталығында орналасқан ағылшын протестанттық шіркеуі. Шіркеу- қарамағында үлкен қауымы бар, Құдайға құлшылық етіп, бүкіл «Құдайдың балаларына», Иса пайғамбарға арналған діни госпел өлеңдерін жырлайтын орын.

Thumb
Барша жандардың біртұтастығы шіркеуі

Шіркеудің жобасын IV Джордж патшаның сүйікті сәулетшісі Джон Нэш жасаған. Ол осынысымен ерекшеленеді. Шіркеудің құрылысы 1823 жылы салынды.

Шіркеу атақты суретші Микеланджелоның суреттерімен және Коринф бағандарымен безендірілген. Барша жандардың біртұтастығы шіркеуінің жоғарғы діни қызметкері күні бүгінге дейін корольдік жанұя арқылы тағайындалады.

1940 жылы шіркеу маңында жарылған мина шіркеудің көп бөлігін қиратты. Қайта жөндеу жұмыстары көпке созылып, сол себепті шіркеу он жыл бойы жабық тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шіркеудің қираған жерлері қайта қалпына келтірілді және жаңартылды.

Бұл шіркеу өзінің музыкалық дәстүрімен танымал. Шіркеудің ортасында орналасқан батыс галереясында орган музыкалық құралы орналасқан. Барша жандардың біртұтастығы шіркеуі әр жексенбі сайын төрт рет діни қауымға таңертеңгі зиярат жұмыстарын жүргізеді.[1]

Дереккөздер

  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.