From Wikipedia, the free encyclopedia
Басқару жұмыстарын автоматтандыру – халық шаруашылығының әр түрлі өндірістік салаларын басқаруда математикалық әдістерді, автоматтық құрылғылар мен есептеу техникасы құралдарын пайдалану.[1]
Өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар:
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу , қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.
Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі – автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.
Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:
Жалпы мемлекет көлемде басқару жұмыстарын автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқарудың қазіргі ғылми әдістерін неғұрлым тиімді енгізуді қамтамасыз етеді. Көптеген абоненттер мен телефон желісі арқылы тікелей байланыстырылып, алуан мақсатта пайдаланылатын қуатты есептеу орталықтары құрылуда. Ал кәсіпорындар мен экономикалық басқару органдарын комплексті түрде қамтамасыз ету мақсатында ірі мәліметтік есептеу орталықтары құрылды. Жеке үлкен кәсіпорындар мен басқару органдарында есептеуіш машина станциясы немесе орташа е шағын электрондық есептеуіш машиналары болуы мүмкін.
Украин ССР ҒА Кибернетика институты мен Львов телевизия заводы жасаған көп өнім шығаратын үлкен өндіріс орындарына арналған «Львов» мәліметтік басқару жүйесі басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандырудың мысалы бола алады. Жүйе негізін заводтың мәліметтік есептеу орталығы құрайды. Ондағы басты техникалық құрал ретінде «Минск-22» электрондық есептеуіш машинасы пайдаланылады. Мәліметтік есептеу орталығы өндірістің барысы жабдықтардың техникалық жағдайы, қолда бар материалдар мен детальдардың, бұйымдар мен дайын өнімдердің кіріс-шығыс есебі туралы хабарды автоматты түрде жинап, өңдейді; завод туралы қажетті анықтамалар береді және әр түрлі жоспарлау, экономикалық есептерін орындайды. Сөйтіп, басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандыру ісі адамды мәлімет жинақтау және оны өңдеудегі көптеген қиын жұмыстардан босатып, өндірісті басқаруда оның творчестволық ролін арттырады.[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.