Батыс Қазақстан облысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Қазақстан облысы | |||
Батыс Қазақстан облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
12 | ||
Ауылдық округтер саны |
147 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
3 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
2 | ||
Ауыл саны |
413 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°14′00″ с. е. 51°22′00″ ш. б.51.23333° с. е. 51.36667° ш. б. / 51.23333; 51.36667 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
151 339 км² (8-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 688 091[1] адам (2023)(12-ші орын) | ||
Тығыздығы |
4,5 адам/км² (10-шы орын) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 77,82 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7112 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері |
09xxxx | ||
Автомобиль коды |
07 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-ZAP | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, №179 | ||
Ортаққордағы санаты: Батыс Қазақстан облысы |
Облыс 1932 ж. 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018)[3]. Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрлі, Деркөл, Зашаған, Круглоозёрное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.