Бағдарламалау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бағдарламалау (ағылш. programming):
- бұл тапсырманы қалай орындау керектігін компьютерге нұсқайтын шығармашылық процесс;
- есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған бағдарламаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтін тарау;
- компьютерде есеп шешу үшін оны алдын-ала дайындау үрдісі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
- операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу);
- "шешу жоспарын" бағдарламалау тілінде бейнелеу (программа жазу);
- бағдарламаны машина тіліне аудару;
- командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу үрдісі).
- мәліметтер өндеу істерін бағдарламалық басқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық жөне практикалық қызмет.
Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін бағдарламалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауды да бағдарламалау деп атайды.
Бағдарламалау — нақты бағдарлама құрылымын жасап, оның мәліметтерін кодтап жазып, оны құрастыру істері де кіреді.[1]
Бағдарламалау:
- есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру үрдісі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкес бағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады;
- ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы.
Бағдарламалау ғылым пән ретінде теориялық бағдармалау, жүйелі бағдарламалау және қолданбалы бағдарламалау болып бөлінеді. Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады. Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер (“ЭВ-80-3”, “ИПТ-5” және “Урал-1”), 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының машина және есептеу математикасы лабораториясында қолданылды. Онда кен қазбаларының мөлшері мен қорын анықтауға, астрофизика есептерін шешуге т.б. мәселелерге арналған алгоритмдер жасалып, бағдарламалар құрылды. Кейіннен фортран, алгол, паскаль, ПЛ-1, т.б. бағдарламалау тілі пайдаланылды. 1970—1990 жылы республикамыздың көптеген мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру және оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамыды.