Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов.

Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов (13 сәуір, 1959 жыл, Алматы қаласында туған) - ҚР-ның Сумо күресі ассоциациясының президенті. Азиялық сумо федерациясының вице-президенті. Халықаралық сумо федерациясының вице-президенті. Сумо бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1999).

Өмірбаяны

Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын (1980) ≪Ағылшын тілі мен әдебиеті≫ мамандығы бойынша; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1991) журналист мамандығы бойынша бітірген. ≪Күн күлгенде≫ жинағының авторы (1993). Қазақ, орыс, ағылшын және жапон (ауызекі) тілдерін біледі.

  • КОКП мүшесі (1983-1991).
  • 1982 жылдан - Қазақтың шөл елдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының рөдакторы.
  • 1987 жылдан - Қазақ авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 1992-1994 жылдары - ҚР Үлттық олимпиада комитетінің атқарушы директоры.
  • 1996 жылдан - ҚР-ның Сумо күресі ассоциациясының президенті. Азиялық сумо федерациясының вице-президенті. Халықаралық сумо федерациясының вице-президенті. Сумо бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1999).

Отбасы

Әкесі - Ыдрысов Қабдікәрім, марқұм. Анасы - Ыдрысова Бәтіш Ақанқызы, марқұм. Үйленген. Жүбайы - Ыдрысова Жанат Тұрапқызы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияда жұмыс істейді. Екі қызы және немересі бар.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов
Listen to this article