From Wikipedia, the free encyclopedia
Бейнелеу өнері академиясы (чех. Akademie výtvarných umění v Praze (AVU)) — университеттік типтегі өнер пәндері оқылатын жоғары мектеп.
Бейнелеу өнері академиясы Прага қаласында орналасқан және де бұл қазіргі Чехияның аймағында салынған бірінші өнер мектебі болып табылады.
Академия 1799 жылдың 10 қазанында Франц I-нің «Өнердің патриот-достары қауымдастығы» бастамасы бойынша негізделіп, келесі жылы салынды.
Университеттің алғашқы директоры суретші Йозеф Беглер болды. 200-ден астам жылдық тарихы бар Академия, сурет өнерінің әртүрлі салаларына сүйенді — пейзаждық, романтикалық, кейінірек — тарихи тақырыптар.
1896 жылы Академия мемлекет меншігіне айналып, мұнда скульптура, сәулет өнері және графика бөлімшелері ашылды. 1926 жылы тұңғыш рет Чехословакияның «жоғары өнер мектебі» атағына ие болды.
1947 жылы Богуслав Сланскиймен Академияда еуропалық маңызы бар реставрациялау мектебі құрылды.
Қазіргі таңда Академияда 300-ден астам студент білім алып жатыр: сурет өнері, скульптура, графика, сәулет өнері, реставрация және медиа-СМИ бөлімшелерінде. Ректор — Йиржи Сопко.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.