![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a4/Argument_terminology_used_in_logic_%2528en%2529.svg/langkk-640px-Argument_terminology_used_in_logic_%2528en%2529.svg.png&w=640&q=50)
Бейформал логика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бейформал логика (ағылш. Informal logic) — формал логикадан тысқары жағдайдағы логика қағидалары мен логикалық ойлау қағидаларын қамтиды. Дегенмен, тақырыптағы "бейформал" сөзі себепті "бейформал логиканың" нақты анықтамасы таласты мәселе болып келеді.[1] Ральф Х. Джонсон мен Дж.Энтони Блэр бейформал логиканы "логиканың бір саласы, оның міндеті анализдердің, түсіндірулердің, бағалаулардың, сынаулардың және аргумент құрудың формалды емес стандарттарын, критерийлерін, процедураларын жасау" деп анықтайды.[2] Бұл анықтама бұл кісілердің практикасының астарлы мағынасын және өздерінің бейресми логика мәтіндерінде өзгелер немен айналысқанын көрсетеді.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a4/Argument_terminology_used_in_logic_%28en%29.svg/640px-Argument_terminology_used_in_logic_%28en%29.svg.png)
Бейформал логика (бейформалды) сандырақтармен (fallacies), сыни ойлаумен, ойлау өнері қозғалысымен[3] және дәлелдеу теориясы (argumentation theory) деп аталатын пәнаралық ізденістермен байланысты. Франс Х. ван Эмерен "бейформал логика" жіктеуі "формал логикаға қарағанда дәлелдеу практикасына жақын болып табылатын қарапайым тілдік зерделеудің (reasoning) нормативтік тәсілдері жиынтығын" білдіреді деп жазады.[4]