From Wikipedia, the free encyclopedia
Бектауата тиынтығы[1] (Hedysarum bectauatavicum) – бұршақ тұқымдасы, тиынтық туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орталық Қазақстанның Бектауата тауының тасты беткейлерінде, жартастардың қуысына жабыса өседі. Биіктігі 20 см, бұтақталған жер асты сабағы бар. Жапырақтары ұзын сағақты, 4 – 5-тен жұптаса орналасқан дөңгелек жапырақшалары болады. Гүлсағақтары жапыраққа тең немесе ұзындау келеді. Желегі қызғылт көк түсті, ұзындығы 15 мм. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жеміс бұршағы 2 – 3 бөлікке жіктелген, маржан тәрізді тізбектеліп орналасқан, әрбір бөлігі жалаңаш болады. Бектауата тиынтығ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бектауата тиынтағы | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Hedysarum bectauatavicum Bajtenov |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.