Беларусь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Беларусь (белар. Беларусь (ақп.) bʲɛlaˈrusʲ), ресми аталуы — Беларусь Республикасы (белар. Рэспубліка Беларусь (ақп.), аббревиатурасы — БР) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жерінің көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 9 млн. 451 мың адам. Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Беларусь Республикасы белар. Рэспубліка Беларусь | |||||
| |||||
Әнұран: «Мы, беларусы» — «біз, беларустар» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | Беларус тілі, орыс тілі | ||||
Елорда | Минск | ||||
Ірі қалалары | Минск, Гомель, Могилёв, Витебск, Гродно, Брест | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Александр Лукашенко Сергей Румас[1] | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 84-ші орын 207 595 км² 1,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
▼ 9 491 800[2] адам (93-ші) 45,8 адам/км² (142-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
195 млрд.[3] $ (60-шы) 20,820[3] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
60 млрд.[3] $ 6,477[3] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,808[4] (өте жоғары) (53-ші) | ||||
Валютасы | Беларусь рублі (BYN) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .by | ||||
ISO коды | BLR | ||||
ХОК коды | BLR | ||||
Телефон коды | +375 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3:00 және Europe/Minsk |