Билли Айлиш
америкалық әнші және ән жазушы (2001–) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Билли Айлиш Пайрат Бэрд О’Коннелл (ағылш. Billie Eilish Pirate Baird O'Connell; 2001 жылы 18 желтоқсан) — америкалық әнші және ән жазушы. 2016 жылы SoundCloud-та "Ocean Eyes" дебюттік синглін жариялау арқасында танымалдылыққа ие болды. 2019 жылы оның дебюттік альбомы When We All Fall Asleep, Where Do We Go? америкалық (Billboard 200) және британдық (UK Albums Chart) хит-парадтарында үстемдік етті, ал "Bad Guy" синглі Billboard Hot 100 (АҚШ) - да бірінші орынға шықты. Ол әншінің алғашқы чартопері еді, ал Эйлиштің өзі, осы жетістіктің арқасында, XXI ғасырда дүниеге келген Hot 100-ді үстемдік еткен алғашқы адам болды.[1]
Билли Айлиш ағылш. Billie Eilish | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Билли Айлиш Пайрат Бэрд О’Коннелл |
Туған күні |
18 желтоқсан 2001 (2001-12-18) (22 жас) |
Туған жері | |
Белсенділік жылдары |
2015 - осы уақыт |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары |
поп-музыка, электропоп, инди-поп |
Лейблдері |
Darkroom/Interscope |
Марапаттары |
Грэмми (2020 - 5 марапат, 2021 - 2 марапат) |
billieeilish.com | |
Ортаққордағы Аудио, сурет, видео |
2020 жылы Айлиш «Грэмми» музыкалық сыйлығының жеңімпазы атанды, ол барлық бес негізгі номинацияны: Жыл әні, Жыл альбомы, Жыл жазбасы және Үздік жаңа орындаушы және Үздік вокалды поп-альбом номинациясын жеңіп алды.[2] Нәтижесінде, ол 1981 жылдан бастап жылдың барлық төрт негізгі марапатын алған бірінші орындаушысы болды (және Кристофер Кросстан кейінгі тарихта екінші);[3][4] жалпы алғанда, әнші жеті Грэмми сыйлығының иегері (2021 жылдың 15 наурызы бойынша).