Билли Джин Кинг кубогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Portal
Билли Джин Кинг кубогы (ағылш. Billie Jean King Cup) — теннистегі әйелдер арасында өткізілетін негізгі топтық жарыс.
Алғашқы рет 1963 жылы, Халықаралық теннис федерациясының 50-жылдығына орай өткізілді. Бастапқы атауы — Федерация кубогы (ағылш. Federation Cup). 1995 жылдан бастап Fed Cup деген қысқа нұсқасы қолданыла бастады. 2020 жылы жарыстың атауы әйгілі теннисші Билли Джин Кинг құрметіне арнап тағы да өзгертілді[1].