From Wikipedia, the free encyclopedia
«Болейн әулетінен шыққан тағы біреу» (ағылш. The Other Boleyn Girl) — Тюдор әулетінен шыққан патша VIII Генрихтің басқарған заманы және патша жүрегі үшін әпкелер Мария мен Аннаның бәсекелестігі жайлы режиссер Джастин Чадвик түсірген тарихи драма. Сценарийдің негізінде британдық жазушы Филиппа Грегоридің аттас әйгілі кітабы жатыр. Фильмнің тұсаукесері 2008 жылы 19 ақпанда Лондон қаласында өтті.
Болейн әулетінен шыққан тағы біреу | |
The Other Boleyn Girl | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Джастин Чадвик |
Продюсері |
Скотт Рудин |
Сценарийдің авторы |
Филиппа Грегори |
Басты рөлдерде |
Натали Портман |
Кинокомпания |
BBC Films |
Ұзақтығы |
114 мин |
Бюджеті | |
Кассалық түсімі | |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
http://www.sonypictures.com/movies/theotherboleyngirl/ |
Англия. Патшалар, ханзадалар мен ханшайымдар заманы. Отағасы өзінің сарайдағы жағдайын жақсарту үшін қыздарының бірі Аннаны әйелі мұрагерді дүниеге әкеле алмаған VIII Генрихке көңілдес әйел ретінде бермекші болады. Алайда патшаға екінші қызы – патшайымның фрейлинасы тұрмыс құрған Мария ұнап қалады. Мария әкесі мен күйеуінің айтқанына көнуге мәжбүр болады. Бүкіл отбасы сарайға көшеді. Мария Генрихтің көңілдес әйелі болып, заңсыз туған ұлды дүниеге әкеледі. Бірақ әпкесінің жағдайына қызғанған Анна патшаның көңілін бар күшімен аулауға тырысады. Екі әпке де патшамен төсектес болса да, тек біреуі ғана таққа баскесердің семсерімен аяқталатын қысқа мерзімді өмір бұйырған.
Патшаның әуесқойлығы тек басты кейіпкерлерге ғана емес, өзінің еліне де әсер етпекші.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.