From Wikipedia, the free encyclopedia
Бэтмен (ағылш. The Batman) — Warner Bros. шығарған DC Comics суперқаһарманы Бэтменге негізделген америкалық суперқаһармандық фильм . Warner Bros Pictures, DC Studios, 6th & Idaho және Dylan Clark Productions компаниялары продюсерлік еткен. Бэтмен фильмдер сериясының ребуты саналады. Фильмнің сценарийін Питер Крэйг пен фильм режиссері Мэтт Ривз бірге жазған. Басты рөлдерде Роберт Паттинсон, Зое Кравиц, Пол Дано, Джеффри Райт, Джон Туртурро, Питер Сарсгаард, Энди Серкис және Колин Фаррел . Бэтмен (Паттинсон) қылмыспен күресудің екінші жылында және Готемның элитасына қауіп төндіретін сериялық кісі өлтіруші Риддлерге (Дано) қарсы тұрады. Осы жолда Готемның сыбайлас жемқорлыққа белшесінен бату себептерін ашуға тырысады.
Бэтмен | |
The Batman | |
Жанры |
Атыс-шабыс |
---|---|
Режиссёрі |
Мэтт Ривз |
Продюсері |
Мэтт Ривз |
Сценарийдің авторы |
Мэтт Ривз |
Басты рөлдерде |
Роберт Паттинсон |
Операторы |
Грег Фрейзер |
Композиторы |
Майкл Джиаккино |
Кинокомпания |
Warner Bros. Pictures |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
176 мин. |
Бюджеті |
$185-200 млн |
Кассалық түсімі |
$770,8 млн |
Мемлекет | |
Тілі |
ағылшын |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм |
Пингвин |
https://www.thebatman.com |
DC Universe (DCU) фильмдерінде Бэтменді сомдаған Бен Аффлек 2014 жылы фильмге режиссер, продюсер, бірлескен сценарийші және басты рөлді сомдаушы актер ретінде тіркеледі. Алайда 2017 жылы актер сценарийге қатысты мәселелерге байланысты режиссерлік қызметтен бас тартты. Нәтижесінде Ривз режиссер және сценарист болып тағайындалды, ол сюжетті жас Бэтменнің айналасына шоғырландыруды және кейіпкердің детективтік аспектілерін ерекше атап өтуге шешім қабылдады. Ривзді Бірінші жыл, Ұзақ Хэллоуин және Эго комикстері шабыттандырды. Аффлек жобаны 2019 жылы тастап, фильмнен DC Universe ғаламына қатысты сілтемелер алып тасталынды. Паттинсон басты рөлге 2019 жылдың мамыр айында бекітілді, қалған актер құрамы 2019 жылдың аяғында жарияланды. Түсірілім 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейін Чикаго мен Англияда өтті.
Бэтменнің премьерасы 2022 жылы 23 ақпанда Лондонда өтті. Кинокомикс Америка Құрама Штаттарында 4 наурызда жарық көрді. Фильмнің премьерасы COVID-19 пандемиясына байланысты екі рет кейінге қалдырылды. Фильм дүние жүзінде 770 миллион доллар жинап, 2022 жылдың ең көп табыс әкелген 5-ші фильмі болды, сонымен қатар фильмнің ұзақтығын кейбіреулер сынға алғанымен, актерлік ойынды, режиссураны, оқиғаны, операторлық жұмысты және композиторды жоғары бағалаған сыншылар өте жылы қабылдады. Бэтмен фильмінің екі жалғасы жоспарланған, бұл фильм сондай-ақ HBO Max -пен әзірленетін екі спин-оффы бар Бэтмен фильмдер сериясының бастамасы болады деп күтілуде.
Хэллоуин кезінде Готем мэрі кіші Дон Митчеллді өзін Жұмбақшы деп атаған адам өлтіреді. Екі жыл бойы Бэтмен ретінде қылмыспен күресіп келе жатқан диуана миллиардер Брюс Уэйн Готем полициясымен бірге тергеу жүргізеді. Полиция көбіне оған сенімсіздікпен қарайды. Қылмыс орнында лейтенант Джеймс Гордон Реддлердің Бэтменге арнаған ашық хатын тауып алады. Риддлер кейінірек комиссар Пит Сэвэйджді өлтіріп, Бэтменге тағы бір ашықхат қалдырады.
Бэтмен мен Гордон Риддлер Митчеллдің көліктерінің бірінде флеш-дискіні қалдырғанын анықтады, онда Митчеллдің Анника Козлов есімді әйелмен бірге Кармин Фальконның оң қолы Пенгвинге тиесілі Айсберг Лоунж түнгі клубында түскен фотосуреттері бар. Пингвин абдырап тұрғанда, Бэтмен Анниканың бір бөлмеде бірге тұратын жақын досы Селина Кайлдың клубта даяшы болып жұмыс істейтінін байқайды. Бэтмен Анникаға сұрақ қою үшін Селинаның соңынан еріп үйіне келеді, бірақ Анника жоғалып кеткендіктен Селинаны Айсберг клубына қайта жібереді. Селинаның арқасында Бэтмен Саваждың Фаледеннның жалақы алып тұрғанын, онымен бірге аудан прокуроры Гил Кулсонда болғанын біледі. Бэтмен Селинаға Фальконемен қарым-қатын жайлы сұрап қысым көрсеткенде, Селина байланысты ажыратып тастайды.
Сыйлық | Берілген мерзімі | Санаты | Номинант | Нәтиже | Ист. |
---|---|---|---|---|---|
Алтын трейлер | 22 шілде 2021 | Үздік тизер | Statement Advertising | Номинация | |
Фильм атауының үздік дизайны | Devastudios, Inc. | Номинация | |||
Үздік дыбыс монтажы | Statement Advertising | Номинация | |||
MTV Movie & TV Awards | MTV Movie & TV Awards 2022|5 маусым 2022 | Жыл фильмі | «Бэтмен» | Номинация | |
Үздік ер адам рөлі | Роберт Паттинсон | Номинация | |||
Үздік кинозұлым | Колин Фаррелл | Номинация | |||
Үздік сүйіс | Роберт Паттинсон мен Зои Кравиц | Номинация | |||
Голливудтың сыншылар Ассоциациясы | 5th Hollywood Critics Association Midseason Film Awards | Үздік фильм | «Бэтмен» | Номинация | |
Үздік режиссёр | Мэтт Ривз | Номинация | |||
Үздік екінші пландағы актер | Колин Фаррелл | Номинация | |||
Пол Дано | Номинация | ||||
Үздік екінші пландағы актриса | Зои Кравиц | Номинация | |||
Үздік сценарий | Мэтт Ривз және Питер Крэйг | Номинация | |||
Сатурн | 25 қазан 2022 | Үздік суперқаһармандық фильм | «Бэтмен» | Номинация | |
Үздік актёр | Роберт Паттинсон | Номинация | |||
Үздік актриса | Зои Кравиц | Номинация | |||
Үздік екінші пландағы актер | Пол Дано | Номинация | |||
Колин Фаррелл | Номинация | ||||
Үздік режиссёр | Мэтт Ривз | Жеңіс | |||
Үздік сценарий | Мэтт Ривз, Питер Крэйг | Номинация | |||
Үздік музыка | Майкл Джаккино | Номинация | |||
Үздік монтаж | Уильям Хой, Тайлер Нельсон | Номинация | |||
Қоюшы суретшінің үздік жұмысы | Джеймс Чинланд | Номинация | |||
Костюмдердің үздік дизайны | Жаклин Дюрран, Дэвид Кроссмен, Глин Диллон | Жеңіс | |||
Үздік грим | Майк Марино, Наоми Донн | Номинация | |||
Hollywood Music in Media Awards | 13th Hollywood Music in Media Awards | Hollywood Music in Media Award фантастикалық фильмдегі үздік түпнұсқа саундтрек, Hollywood Music in Media Award for Best Origin | Майкл Джаккино | Күтілуде | |
People’s Choice Awards | 48th People's Choice Awards | Жыл фильмі | «Бэтмен» | Күтілуде | |
Жыл экшн фильмі | Күтілуде | ||||
Жыл экшн фильмінің жұлдызы | Зои Кравиц | Күтілуде |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.