Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш. United Nations Environment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.
Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында" [1]
БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. [2]