Бір жынысты неке
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бір жынысты неке — жынысы бірдей тұлғалардың арасындағы неке. Жынысы бірдей серіктестердің арасындағы неке салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. XXI ғасырда етегін жая бастады. Алғашқы болып Нидерланд бір жынысты некені 2001 жылы заңдастырған. Әлем елдерінің басым көпшілігінде бұндай некелерге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, әлем діндерінің барлығы дерлік бір жынысты некені қатаң сынайды.