Бұйдаш хан - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Бұйдаш хан.

Бұйдаш хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бұйдаш хан
Лауазымы
Қазақ хандығының 7-ші ханы
1533 — 1538
Ізашары Тайыр хан
Ізбасары Хақназар хан
Өмірбаяны
Діні ислам
Қайтыс болуы 1559/1560
Мәуереннаһр
Әкесі Әдік сұлтан
Анасы Султан Нигар Ханым
Жұбайы Махим Ханым

Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тайыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тайыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.

Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.[1][2]

Дереккөздер

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Бұйдаш хан
Listen to this article