Бұрыш (көкөніс)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұрыш (Сapsіcum) — алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі — қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б. [1]
Bell pepper | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Red, yellow and green pepper
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Capsicum annuum L. |
Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші.
1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.