Вазопрессин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вазопрессин (лат. vas, vasis - тамыр; pressa — қысу) - аралық ми гипоталамусының алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядро) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін, адам мен жануарлардың нонапептидтік нейрогормоны. Оның қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол ағзадағы қан және лимфа тамырларының бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы қабықтарының жиырылуына және олардың арналарының тарылуына әсер етеді.
Вазопрессин — қан тамырларының қабырғасын қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері қабырғалары эпителиоциттерінің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, ағзадағы судың алмасуын реттеуге қатысады.
Вазопрессин гормонының жетіспеушілігі — ағзаны қантсыз сусамыр (қантсыз диабет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады.[1]