From Wikipedia, the free encyclopedia
Перов Василий Григорьевич (2 немесе 4. 1. 1834, Тобольск,— 10. 6. 1882, Кузьминка с., Мәскеу маңы) — орыс кескіндемешісі.
1853—61 ж. Мәскеудегі кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде (М. И. Скотти, А. Н. Мокрицкий және С. К. Зарянкодан) оқыды. Көркемсурет академиясының пенсионері (1862—69, 1864 жылға дейін Париждегі). Көшпелі көркемсурет көрмесі серіктігінің мүшесі әрі ұйымдастырушы (қ. Цередвижциктер). 1860 жылдардың басында өткір уытты бірнеше жанрлық картиналар («Пасха кезіндегі селодағы крест шеруі», 1861, Мәскеу, Третьяков гал.) салды. Суретші Париждегі творчествосы кезеңіндегі еңбектерінен әр адамның өзіндік ерекшелігін ашуға талпынушылық байқалады («Соқыр музыкант», 1864, Третьяков гал.). Перовтың 60 жылдардың 2-жартысындағы еңбектерінен кембағалдар мен кемтарларға деген мейірім аңғарылады. «Өлікті шығару» (1865), «Суға кеткен қыз» (1867), «Шекарадағы ең ақырғы кабак» (1868, бәрі де Третьяков гал-нда) атты картиналарында әсем табиғат көріністері басты орын алған. Ол — А. Н. Островский (1871), В. И. Даль, Ф. М. Достоевский (екеуі де 1872) портреттерінің (үшеуі де Третьяков) және «Аңшылар демалысы», «Балықшы» (екеуі де 1871, Третьяков гал.) атты саятшылық көріністердің авторы.
1871—82 ж. Мәскеудегі кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде сабақ берді. Шәкірттері: Н. А. Касаткин, С. А. Коро- вин, М. В. Нестеров, А. П. Рябушкин.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.