Ватикан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ватикан (лат. Status Civitatis Vaticanæ, итал. Stato della Città del Vaticano) — Eуропада орналасқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады.
Ватикан қала мемлекеті лат. Status Civitatis Vaticanæ итал. Stato della Città del Vaticano | |||||
| |||||
Әнұран: «Inno e Marcia Pontificale» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 11 ақпан 1929 жыл (Италиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | латынша, италиянша | ||||
Елорда | Ватикан | ||||
Үкімет түрі | Абсолютті теократикалық монархия | ||||
Рим папасы Мемлекеттік хатшы Губернаторы |
Франциск Пьетро Паролин Джузеппе Бертелло | ||||
Мемлекеттік діні | католицизм | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 196-шы орын 0,44 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
825 адам (194-ші) 2,272 адам/км² (6-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
Валютасы | Еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .va | ||||
ISO коды | VA | ||||
Телефон коды | +39 06 698 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 |
Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында орналасқан. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италиян. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).