From Wikipedia, the free encyclopedia
Галактикалық шоғырлар (ағылш. Galaxy cluster) және супершоғырлар (ағылш. supercluster) - көптеген галактикалардың ғаламда гравитация арқылы 10-нан 10000-ға дейін шоғырлануы. Бұл шоғырлар галактика шоғырлары деп аталады. Бұл шоғырлар бір-бірімен тағы бірігіп, Орасан шоғырларын құрайды. Орасан шоғырлар әрқайсысы онның он төрт дәрежесі Күн массасына тең 10 шақты галактика шоғырынан тұрады. Олар ғаламдағы ең үлкен құрылымдар және бірнеше миллион жарық жылына созылып жатады.
Жалғыз оңаша қалған галактикалар өте аз. Көптеген галактикалар гравитация арқылы бірігеді. Мысалы HCG 87 - Тауешкі шоқжұлдызындағы галактикалар тобы. Ол Жерден 400 миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан.
Жергілікті шоғыр - шамамен 25 галактикадан тұратын кішкене топ. Бұған, сонымен қатар, біздің галактикамыз - Құс жолы да кіреді. Ал, басқа мүшелері - Үлкен Андромеда галактикасы (М31), (М32), М33, Үлкен Магеллан бұлты, Кіші Магеллан бұлты, Двингело 1, бірнеше бұрыс галактикалар. Құс жолы мен Үлкен Анромеда - Жергілікті топтағы ең алып галактикалар.
Жергілікті орналасқан шоғыр - бикеш орасан шоғыры деп те аталатын Жергілікті орасан шоғыры Бикеш шоғырының ортасында орналасқан. Мұның 2000-ға жуық мүше галактикасы бар. Орасан шоғырдың құрамына, сонымен қатар, оның ортасында шамамен 400 км/сек жылдамдықпен айналып жүретін Жергілікті топ та кіреді.
Кома орасан шоғыры - кішкентай орасан шоғыр, Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Оның диаметрі 25 миллион жарық жылындай және құрамында шамамен 3000 галактика бар. А1367 (Арыстан шоғыры) және А1656 (Кома шоғыры) - орасан шоғырдың ең жарықтары.
Гидра орасан шоғыры - Жергілікті топтағы ең жақын алып орасан шоғыр. Ол шамамен 100 миллион жарық жылындай қашықтықты. Гидра орасан шоғырынң ішінде галактикалар өте көп. Кентавр орасан шоғыры - бізге ең жақын орналасқан орасан шоғыр. Бұл - орасан шоғырлардың ішіндегі үлкендерінің бірі. Гидра мен Кентавр орасан шоғырларын көбіне Гидра-Кентавр орасан шоғыры деп атайды.
Персей шоғыры - Персей шоқжұлдызында орналасқан. Персей шоғыры - аспандағы ең жарық шоғырлардың бірі. Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Құрамына мыңдаған галактика кіретін Персей шоғыры - Ғаламдағы ең алып нысандарының бірі. 2003 жылы НАСА-ның "Чандра" рентген обсерваториясын қолданып жүрген астрономдар Персей шоғырындағы қара құрдымнан дыбыс толқындарының шығып жатқанын байқайды. Бұл дыбыс толқындары Ғаламдағы нысандардан шыққан ең тереңі еді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.