Галиб Мұсаұлы Жафаров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Галиб Мұсаұлы Жафаров (9 мамыр 1978 жыл, Темір қаласы, Ақтөбе облысы) — қазақ әуесқой боксшысы, әуесқой бокстан әлім чемпионы (2003).
Галиб Жафаров | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Толық есімі | Галиб Мұсаұлы Жафаров |
Азаматтығы | Қазақстан |
Туған күні | 5 қыркүйек 1978 (1978-09-05) (45 жас) |
Туған жері | Темір қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан |
Тұрғылықты жері | Ақтөбе |
Салмағы | Жартылай жеңіл салмақ |
Бойы | 170 |
Бапкері | Әлімбек Балмағамбетов |
Марапаттар | |||
---|---|---|---|
Men's Boxing | |||
Қазақстан | |||
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты | |||
Алтын | Бангкок 2003 | Жартылай орташа салмақ | |
Күміс | Белфаст 2001 | Жартылай орташа салмақ | |
Азия ойындары | |||
Күміс | Пусан 2002 | Жартылай орташа салмақ | |
Қола | Доха 2006 | Жартылай орташа салмақ |
Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2002), спорт жаттықтырушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2002 жылдан - Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2009 жылдан - Ақтөбе қаласы бокстан облыстық ОРМБЖМ жаттықтырушысы. 2010 жылдан бері - ҚР Бокс федерациясы жастар мен жасөспірімдер құрамаларының үйлестірушісі. ҚР Ұлттық штаттық командасының мүшесі (2000 жылдан). Жасөспірімдер арасындағы Жалпықазақстандық ойындардың жеңімпазы (1994); «А» класындағы халықаралық турнирлердің 8 мәрте жеңімпазы; Әлем чемпионатының (Белфаст, 2001), Таиланд королі кубогының (2002), Азия ойындарының (Пусан, 2002) күміс жүлдегері; Әлем кубогында барлық шайқастардың жөңімпазы және Қазақстанның ұлттық құрамасы құрамында күміс жүлдегер (Астана, 2002); ҚР бокстан чемпионы (2003); әлем (Бангкок, 2003), Азия (Манила, 2004) бокстан чемпионы. Олимпиадалық ойындарға қатысу лицензиясын жеңіп алған (Афины, 2004). Әлем кубогының (Мәскеу, 2005), Азия ойындарының (Доха, 2006) қола жүлдегері; ҚР Президенті кубогының (Астана, 2006), лицензиялық турнирдің (Астана, 2008) жеңімпазы; XXIX Олимпиадапық ойындардың қатысушысы (Пекин, 2008). ҚР спорт шебері (1995). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2001).