From Wikipedia, the free encyclopedia
Генерал (лат. generalіs — жалпы, ортақ, бас басшы) — Қарулы Күштердегі жоғары сардарлар құрамындағы әскери қызметкерлерге берілетін атақ (шен).
Генерал шені тұңғыш рет Францияда 16 ғасырда, Ресейде 17 ғасырдың аяқ кезінде қолданыла бастады. І Петр генерал атағын жоғары дәрежедегі әскери қызметкерлердің лауазымына қосымша ретінде (Генерал-фельдмаршал, Генерал-аншеф, Генерал-аудитер) енгізді. Жалпы генерал атаулары әр елде әр түрлі аталады (мысалы, Генерал-адьютант, Генерал-капитан, Генерал-инспектор, Генерал-губернатор, Генерал-интендант, Генерал-квартимейстер, т.б.). Кеңестер Одағында 1940 ж. мамыр айында Генерал-майор, Генерал-лейтенант, Генерал-полковник, армия генералы атақтары бекітілді, әрі Қарулы Күштердің түрі мен әскери ерекшеліктері қосымша аталды (мыс., авиация генерал-майоры, артиллерия генерал-лейтенанты).[1]
1992 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде Генерал-майор, Генерал-лейтенант, Генерал-полковник, армия генералы атақтары бекітілді. ҚР Президентінің жарлығымен тұңғыш армия генералы атағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы С.К. Нұрмағамбетовке берілді.
Генерал және адмирал деген атақ ең тәжірибелі, әскери және саяси дайындығы мол, әскерлерге басшылық етуде шеберлік пен біліктілік көрсеткен офицерлерге беріледі.[2]
Генерал шені алғаш рет Францияда басқа шендерге префикс түрінде пайда болды (capitaine-generale, colonel-general). XVI ғасырдан бастап Францияда ерекше атақ ретінде қолданылып келеді
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.