Геномика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Геномика — геномдардың құрылысын, қасиеттерін, эволюциясын, оларды өңдеу мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым.
Егер генетика жеке гендерді мен олардың тұқым қуалаушылықтағы қызметін зерттесе, геномика қандай-да бір ағзаның барлық гендерінің жиынын сандық және сапалық жағынан қарастырады, сол гендердің өзара әсерлесуін және ағзаға ықпалын зерттейді.[1]
Мысалы, эпистаз (бір геннің басқа генге әсер етуі), плейотропия (бірнеше белгінің бір генге байланысты болуы), гетерозис (гибридтер арасындағы айырмашылықтар), сондай-ақ локус пен аллельдердің арасындағы басқа да қатынастар геномика ғылымымен қамтылады.[2]