From Wikipedia, the free encyclopedia
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]
Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.
Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:
Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.