Грипозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грипозавр — шамамен 76-72 миллион жыл бұрын кеәінгі Бор кезеңінде өмір сүрген үйректұмсықты динозавр. Ол өсімдіктерді азық еткен динозаврлар қатарына жатады. Ұзындығы шамамен 9 метр болған. Сопақша келген басы, биік аркаға ұқсайтын танауы оның бет-әлпетіндегі ерекше сипаттар саналады. Сол сияқты тұмсығында үлкен өсіндісі болған. Динозаврдың мойыны, кеудесі, қабырға тұсы қалыңдығы 0,6 см қабыршақтармен қапталған. Бұдан бөлек құйрығында бір-бірінен 5-7 см қашықтықта, ені 1,2 см болатын конус пішіндес пластиналар орналасқан.