Грузин тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грузин тілі (груз. ქართული ენა, kartuli ena) — картвел тобына жататын тіл, Грузияның ресми тілі, Кавказдағы кейбір халықтардың әдеби тілі болып саналады.
Грузин тілі Грузин жазуларының негізіндегі әліппені қолданады. Сөйлеушілер саны — Грузияның өзінде 4 млн астам және өзге елдерде бірнеше жүздеген мыңнан асады, негізінен Ресейде, АҚШ және Түркияда.