Гувер бөгеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гувер бөгеті (ағылш. Hoover Dam, жәнеде Boulder Dam атымен танымал) — АҚШ-тың ең ыстық, ең құрғақ бөлігінде тұратын миллиондаған адамдардың өмірлерін қажетті сумен қамтамасыз етеді. Табиғаттың дүлей күшіне тосқауыл жасаған инженерлер Невада мен Аризона штаттарының фермерлік жайылымдарын ғана емес, гидроэлектростанциялардың да сумен қамтамасыз еткен. Бөгет салу жұмыстары Колорадо өзенінде 1931 ж. басталып, бес жыл мерзімде аяқталған. Құрылыстың ұзындығы – 379 м, биіктігі – 221 м. Ол 20 жыл бойы әлемдегі ең биік бөгет болып саналған.
Бөгетті АҚШ Ішкі істер департаментінің бөлімшесі болып табылатын АҚШ-тың Жерді қалпына келтіру бюросы басқарады. 1981 жылы бөгет АҚШ-тың тарихи орындардың ұлттық тізіліміне енгізілді. Гувер бөгеті - Лас-Вегас аймағындағы ең танымал көрнекті орындардың бірі.