Гуру Грантх Сахиб
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Гуру Грантх Сахиб» (панжаби тілінде:ਗੁਰੂ ਗ੍ਰੰਥ ਸਾਹਿਬ) немесе «Ади Грантх»[1] — 1469 жылдан 1708 жылға сикхизм гуруларыныӊ кезеӊінде жазылған сикхисттардыӊ негізгі қасиетті діни мәтіні.[1] «Ади Грантха» сикхтардыӊ діни дәстүрінде орталық орын алады. Мәтін сикхизмніӊ құдайыныӊ киелі қасиеттерін мадақтап көпетеген діни ұрандардыӊ жиынтығы болып келеді. [2] Және мәтінде құдайға арналған медитацияныӊ қажеттілігі туралы көп айтылған. Сикхизм гуруларыныӊ оныншысы – Гуру Гобинд Сингх (1666—1708) «Ади Грантха» мәтінін өзініӊ ізбасары деп жариялаған. Бұл әрекетімен Гобинд Сингх адамдар гуруларыныӊ желісін тоқтатып, «Ади Грантха» мәтінін гуру статусына дейін көтерді.[3]
Содан бері бұл мәтінді сикхтардыӊ киелі жазбалары деп сикхизмныӊ он гуруларымен бірдей құрметтейді. [2]