Дакар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дакар — Сенегалдың астанасы, Батыс Африкадағы сауда, көлік және өнеркәсіптің ірі орталығы. Қала Жасыл Мүйіс түбегінде орналасқан және айналасымен бірге 550 км2 жерді алып жатыр. Дакардың климаты субэкваторлық, жауын-шашын маусымы шілдеден қазанға дейінгі кезеңге тура келеді. Осы кезде жауын-шашынның ең көп мөлшері түседі, оның жылдық мөлшері 580 мм-ге тең. Аталған кезеңде температура әрқашан дерлік 28°С деңгейінде болады. Жылдың қалған уакытында ауа температурасы +22°С-қа жетеді.
Қала | |||
Дакар | |||
Ville de Dakar | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
СенегалСенегал | ||
Облыс |
Дакар | ||
Мэр |
Халифа Абабакар Солл | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
14°43′55″ с. е. 17°27′26″ б. б.14.73194° с. е. 17.45722° б. б. / 14.73194; -17.45722 (G) (O) (Я) | ||
Алғашқы дерек | |||
Жер аумағы |
82,38 км² | ||
Орталығының биiктігі |
27 м | ||
Уақыт белдеуі |
UTC0 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
1 146 053 адам (2013) | ||
Тығыздығы |
12 510 адам/км² | ||
Агломерация |
2 452 656 | ||
Ортаққордағы санаты: Дакар |
Дакар тұрғындарының саны 2 млн-ға жуық. Олардың 90%-ы африкалық әр түрлі халықтар тобының өкілдері: волоф, серер, тукулер, фульбелер. Қалған тұрғындары әр түрлі үлттардың өкілдері, еуропалықтардан бәрінен көбі — француздар. Ресми діні ислам діні болып есептеледі. Дінге сенушілер сүнниттерге (92%), пұтқа табынушыларға (6%), христиандарға (2%) бөлінеді. Мемлекеттік тілі — француз тілі болып табылады. Жергілікті тұрғындар волоф, иандинго, диола диалектілерінде сөйлейді.
Дакардың негізі 1857 жылы француз бекінісі ретінде қаланды. 1895 жылы француздар қаланы Сенегал деп пталған өз отарының құрамына қосты. 1960 жылға дейін Дакар Сенегалдың орталығы болды. Ал 1904 жылдан 1960 жылға дейін Дакар, сонымен бірге Француз Батыс Африкасының да орталығы болды. 1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаланы ағылшын-америка әскерлері басып алып, оны Атлант мұхитындағы ең маңызды базалардың біріне айналдырды. 1947 жылы Дакар бөліктергe бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады.
Шығыс бөлікте өнеркәсіптік аймақ пен порт орналасты. Оңтүстік бөлігінде көп қабатты ғимараттар (банк университет қалашығы, Ұлттық ассамблея, т.б.) әкімшілік және Үкімет орталықтары тұрғызылды. Батысында еуропалық тұрғын үй ауданы, солтүстік-батысында саз балшықтан жасалған жалғыз қабатты үйлер ауданы — Медина салынды. 1960 жылы Сенегалдың тәуелсіздігі жарияланған соң Дакар елдің астанасына айналды.
Дакарда бүкіл елдегі сияқты білікті мамандардың аса тапшылығы сезілуде. Әлі күнге дейін француздар маңызды басшылық қызметтерді иеленіп отыр, ірі фирмалар мен өндіріс кәсіпорындарын басқарады. Бұл білім берудің төменгі деңгейімен түсіндіріледі.
Ересек халықтың тек үштен бірі ғана сауатты болып табылады. Балалардың 30%-дан астамы қазірдің өзінде де ешқандай білім ала алмайды. Дакарда бірнеше орта, техникалық және жоғары оқу орындары орналасқан, олардың ішінде политехникалық институт, Пастердің ғылыми-зерттеу институты, драмалық өнер бөлімімен өнерлер мектебі бар. Сондай-ақ қалада елдің негізгі жоғары оқу орны —шейх Ант-Диоптың университеті жүмыс істейді. Оның құрамына дүние жүзіне белгілі Қара Африканы іргелі зерттеу институты енгізілген.
Дакар — Сенегал мен Батыс Африканың адам ең көп келетін жерлерінің бірі. Мұнда туристердің арасында үлкен табысқа ие болған Атлант мүхитының жағажайлары орналасқан. Астанада әйгілі көп күндік автожарыс — Париж — Дакардың сөреге жетуін көруге болады, ол қаңтардыц ортасына тура келеді. Жергілікті ерекше көңіл аударуға тұрарлық жерлер Үлкен мешіт, Президент сарайы меп Марше Кермел қолөнер базары болып табылады.[1]