From Wikipedia, the free encyclopedia
Даралық (лат. individuum – бөлінбейтін, ағылш. Individual, кейде Индивидуум) — тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, соған ғана тән өзгеше сана-мінез-қасиет ерекшеліктері жиынтығы. Жеке мінездің, темпераменттің, мүдделердің, интелектінің, қабілеттер мен қажеттіліктердің ерекшеліктерінен көрінеді. Адамзаттың жеке калыптасуына, оның тәрбие процесінде толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді.
Жалпы айтқанда, даралық тек жоғары саналы жануарларға, адамға да байланысты айтылады, мысалы, кейбір өсімдіктерді бөліктерге бөліп атауға болады, әр бөлігі өз алдына жеке дами береді. Индивидуум түсінігіне анықтама беру қиындығы, индивидуум өз ерекшелігі мен даралығына байланысты, жалпы белгілер аркылы сипаттауға келмейді, оның нәтижесінде ортағасырлық философтар төмендегі тұжырымға келді: individuum est innefale (лат., индивидуум бұл сипаттауға жатпайды). Орта ғасырдың соңынан бастап, осы ұгымды адаммен байланыстыра өзінің тағдырын өзі жасайтын, парасатты дара жан ретінде қолдана бастады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.