Декан
Уикипедия:Айрық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Декан (лат. decanus – 10 адамның бастығы) – жоғары оқу орындарындағы факультетті басқаратын адамның лауазымдық атауы. Декан – факультет кеңесінің төрағасы бола отырып, факультеттегі оқу-тәрбие және ғылым жұмыстарға жауап береді; факультет құрамындағы кафедралардың жұмысын үйлестіреді, жоғары оқу орнының талаптарына орай шешімдер қабылдайды, оның орындалуын қадағалап, студенттердің оқу-үлгерімін есепке алып отырады.[1][2]