Дзюнъитиро Танидзаки
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дзюнъитиро Танидзаки (жапон. 谷崎 潤一郎 Танидзаки Дзюнъитиро, 24 шілде 1886 жыл — 30 шілде 1965 жыл, Сидзуока префектурасы) – жапон жазушысы, драматург.
Оның әдебиеттегі қадамы 1909 жылдан басталады. Оның алғашқы шығармасы әдеби журналда жарияланған бір актілі пьеса болды. Модернизм, авангардизм, романтизмнің жақтаушысы. Ол өзінің шығармаларында батысеуропалық декаденттiк әдебиет эстетикасының қағидаларын дәстүрлi жапон әдебиетімен бiрiктiруге тырысты.[1]