Дирижабль (фр. dirigeable — басқарылатын) — ауадан жеңіл газдын — сутек немесе гелийдің көтеру күшімен ауаға көтерілетін сигара пішінді ұшатын аппарат. Басқарылмайтын аэростаттан дирижабльдің ерекшелігі, кез келген бағытқа ұшу мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше қозғалтқышы болады. Дирижабльдің жүк көтергіштігі мен ұшу қашықтығы мол. Дирижабльдің тік бағыттағы козғалысы биіктік рульдерімен, ал үлкен ауысулар — газдың аз бөлігін жіберумен (түсу кезінде), балласты тастаумен (кәтерілу кезінде) реттеліп отырады. Көлденең жазықтықта дирижабль бағыт рульдерімен басқарылады.[1]
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.