Диснейленд
From Wikipedia, the free encyclopedia
Диснейленд (ағылш. Disneyland, Disneyland Park) — Анахайм қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) «Уолт Дисней» компания бөлімшесі - Walt Disney Parks and Resorts-тың басқаруындағы ойын-сауық паркы. 1955 жылдың 17 шілдесінде ашылған Уолт Диснейдің ересектер мен балаларға да қызық болатын мультфильмдер мен ертегілер әлемі бар паркы туралы ойларының іске асырылған бірінші тақырыптық паркы болып табылады.
Диснейленд туралы ой Уолт Дисней қыздарымен 1930-1940 жылдары әртүрлі ойын-сауық парктерін кезіп жүргенде пайда болды. Бастапқыда ол аттракциондарды Бербанктегі студиясының қасында өзі шығарған мультфильм кейіпкерлерінің әсіре жанкүйерлерінің көңіл-күйлерін көтеру үшін орналастыруды ойлады, бірақ кейін ойластырылған орынның тым кішкентай екенін аңғарды. Кеңесшіні жалдап Уолт Дисней 1953 жылы Анахай қаласының қасындағы 160 акр (65 га) жерді сатып алды. Келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстарын бастап, 1955 жылдың 17 шілдесінде парк келішулерге ресми түрде ашық болып жарияланды.