From Wikipedia, the free encyclopedia
«Донья Пас» (ис. MV Doña Paz) — жолаушылар кемесі. [1].
1987 жылы 20 желтоқсанда Филиппинде үлкен қайғылы жағдай болды.[2] «Донья Пас» паромы Таклобан елді мекенінен Манила қаласына қарай жүзеді. Түнгі 22:30 шамасында Таблас бұғазының жанынан өте бере мұнай және мұнай өнімдерін тасып келе жатқан «Вектор» танкерімен соқтығысады. Ол танкердің ішінде 8800 баррель, яғни 1050 текше метр мұнай болған. Сол мұнай төгіліп, өртене бастайды. Куәгерлердің бірі Пакито Осабельдің айтуынша, теңіз бетін өрт басып, танкердің жалыны паромды да бүркеп алған. Кейбіреулер өрт түтініне уланып, кейбіреулер суға секіреді. Секіргендерінің дені батып кетті. Ал, енді біреулері теңіз бетінде жанған алауға түсіп, түгі қалмай өртеніп кеткен. «Донья Пас» соқтығыстан соң екі сағаттан кейін, ал «Вектор» төрт сағаттан кейін су түбіне кетті. Бұл өңірде акулалар өмір сүретіндіктен, жалпы саны 4 375 адам қаза болған. [3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.