Друза
From Wikipedia, the free encyclopedia
Друза – тау жыныстарындағы жарықшақтың немесе қуыстың қабырғасына жабыса біткен кристалдар шоғыры. Кристалдардың көрініп тұрған бөлігі жақсы қырланған, бір-бірімен тығыз жанасып, қатарласа тізілген минералдар шоғырын ойлы-қырлы немесе мәуесек тәрізді агрегаттар құрайды. Кварц, кальцит, антимонит және сульфидтердің Друзалары жиі кездеседі.