From Wikipedia, the free encyclopedia
Елтану– белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, кешенді түрде зерттейтін географиялық пән.
«Елтану» елдерді кешенді түрде зерттейтің, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Елтанудың басты мақсаты – әртүрлі аумақтарды біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру. Елтану зерттеу әдістері, елдер мен аймақтарды оқып – үйренудің теориялық – қолданбалы мәселелері, дүние бөліктеріндегі жеке аймақтардың табиғаты мен шаруашылығы, халықтардың қоныстануының басты ерекшеліктері беріледі.
Ғылым ретінде 20 ғ-дың басында қалыптасты. Оның негізін Н.Н. Баранский қалаған. Ол Елтануды жеке географиялық пән ретінде қарастырды және географиялық ғылымдар арасындағы орнын, интеграциялық мүмкіншіліктерін тұжырымдады. Ауқымы жағынан жан-жақты саналатын дәстүрлі елтанушылық жұмыстармен бірге, зерттелетін елдің маңызды проблемаларына географиялық талдау жасау кеңінен дами түсті. Осындай проблемалық зерттеу географияның құрылымдық бағытымен, аумақтық жоспарымен және табиғатты болжаумен тығыз байланыста болады. Проблемалық бағдарлау Елтанудың әдістемелік маңыздылығы мен дамуына кең мүмкіндік береді, сонымен қатар оның әдістемелік базасының дамуына жағдай жасайды. База географияға жүйелік әдіс енгізумен тығыз байланыста болады және зерттелетін проблеманы ғаламдық деңгейде қарауын қадағалайды. Елтанудың өзара байланысын дүниежүзілік шаруашылық географиясымен тығыз байланыстырып, оған болжамдық бағыт береді. Қазіргі кезде Елтану 2 салаға бөлінеді: 1) ақпараттық Елтанудың міндеті – елдер мен аудандарға байланысты мәліметтерді жүйелеу; 2) ғылыми Елтану – географиялык синтезге сүйене отырып, әлемнің географиялык бейнесін қалыптастырады.[1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.