Есім хан
1598—1628 жылдары аралығында Қазақ ханы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Есім хан[1] (1565 – 1628) — 1598–1628 жылдары аралығында Қазақ хандығында билік еткен хан. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуереннаһрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Есім хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1598 — 1628 | ||
Ізашары | Тәуекел хан | |
Ізбасары | Жәнібек хан Есімұлы | |
Өмірбаяны | ||
Діні | ислам | |
Дүниеге келуі | 1565 (1565) Қазақ хандығы | |
Қайтыс болуы | 1628 (1628) Қазақ хандығы | |
Жерленді | Түркістан | |
Туған кездегі есімі | Есім (Ес-Мұхаммед) | |
Әкесі | Шығай хан | |
Анасы | Яхшим-бигим Ханым | |
Жұбайы | 1) Ділшаһ ханым 2) Айлин ханым 3) Падишаһ ханым | |
Балалары | ұлдары Қасым сұлтан, Есімұлы Жәнібек хан, Ахмед сұлтан, Салқам Жәңгір хан, Сартақ сұлтан қыздары Райхан ханым, Ай ханым | |
өңдеу |
Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Іле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Сұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір-Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мәуереннаһрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.