Есірткілер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.[1][2]
Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор[3], семена эклаты и мака[4][5] тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.
Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi[6]. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады[7].
Көп жағдайларда медицинада және юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған. Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.[1][2]
Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. 2009 жылдың бірінші қарашасының тіркеуіне сәйкес, 1972 жылы наркотикка қарсы өткіщілген жиынның келісімінде 186 ел қосымшалар енгізген, бұл бүкіл әлемдегі елдердің 96% - ын құрайды. Оның арасында 184 ел 1961 жылғы келісімнен бері өз үлестерін қосып келуде. Ауғаныстан және Чад елдері 1961 жылғы келісімге қана қосылған. Сондай – ақ 1961 жылғы келісімге сегіз ел өкілдері қосылмады. Олар: Экваторлы Гвинея, Тимор-Лешти, Вануату, Кирибати, Науру, Кук аралдары , Самоа және Тувалу.[8]