From Wikipedia, the free encyclopedia
Ешилырмақ (түр. Yeşilırmak) — Түркияның солтүстігіндегі өзен. Ұзындығы 450 км-ге жуық, алабының ауданы 36,1 мың км. Қара теңізге құяды.[1] Бірқатар ірі салалары бар, Суы аз, деңгейі күрт ауытқулы. Кеме қатынасы жоқ.
Ешилырмақ | |
---|---|
түр. Yeşilırmak | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 450 км |
Су алабының ауданы |
36,1 км² |
Су шығыны | 121 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Анадолы үстірті |
• Биіктігі | 1750 м |
Сағасы | Қара теңіз |
Орналасуы | |
Ел | Түркия |
Аймақ | Токат, Амасья, Самсун |
Ортаққордағы санаты: Ешилырмақ |
Бұл атау түрік тілінен аударғанда "Жасыл өзен" дегенді білдіреді (йешил — жасыл, ырмақ — өзен). Ешилырмақ Сивас қаласынан солтүстік-шығыста орналасқан ішкі Анадолының үстіртінен бастау алады. Бірқатар ірі салалары бар. Самсун қаласының жанындағы Қара теңізге құяды. Бұл Түркияның солтүстігіндегі ең ірі өзендердің бірі.[2] Ежелгі географияда өзен Ирис деп аталады (ежелгі грекше Ίρις).
Жоғарғы және орта ағысында өзен солтүстік-батыста, тау аралық алқапта, Понтий тауларының тізбектеріне параллель, содан кейін солтүстікке бұрылып, Джаник жотасын кесіп өтіп, Самсун қаласының шығысында атырау құрап Қара теңізге құяды. Негізгі салалары: Чекерек (сол жақта) және Келкит (оң жақта). Негізгінен - еріген қар мен жаңбыр суымен қоректенеді, көктем мен жаздың басында арнасы толығады. Сағадағы судың орташа шығыны шамамен 150 м3/сек, максимум 2000 м3 / сек. дейін. Суару жүйесінде қолданылады.[3]
Ешилырмақ бойында Альмус, Атакөй, Хасан Угурлу, Суат Угурлу, Кылычкая және Сюрейябей бөгеттері салынған. Сонымен қатар Турхал, Амасья, Чаршамба қалалары орналасқан.
Самсун, Токат, Амасья, Чорум, Йозгат, Сивас, Гюмюшхане, Гиресун, Орду, Эрзинджан және Байбурт әкімшілік аймақтары Ешилырмақ бассейні бойында орналасқан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.