For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Егемен Қазақстан.

Егемен Қазақстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Егемен Қазақстан
Түрі

Қоғамдық - саяси

Форматы

D2

Иесі

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ

Бас редакторы

Дархан Қыдырәлі

Құрылған жылы

1919 жыл

Тілі

Қазақша

Бас кеңсесі

Қазақстан: 010008, Нұр-Сұлтан, «Егемен Қазақстан» көшесі 5/13

Тиражы

185 мың.

ISSN

1999-9720


Сайты: egemen.kz

«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен "Егемен Қазақстан" газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақтілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.

Тарихы

«Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.

1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен газет 23 жылдан бері шығып келеді.

2016 жылдың қыркүйегінен басылым жаңа дизаин, жаңа форматта және барлық беттері түрлі-түсті болып шыға бастады.

Алғаш жарыққа шыққан кезден бастап Қазақстанның астаналары ауысуымен бірге басылымның редакциясы да бірнеше рет қоныс аударып, әр кезеңде Қызылордада, Алматыда орналасты. 1999 жылы редакция Қазақстанның жаңа елордасы Астанаға қоныс аударды.

Газеттің бас ғимараты Астана қаласында, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13-үй мекенжайында орналасқан. Ғимарат газет редакциясы үшін арнайы салынған.

Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, газетке басшылық етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.

Құрылымы

«Егемен Қазақстан» құрылымдық жағынан материалдар тақырыбы мен атқарылатын жұмыс саласына байланысты Саясат және құқық, Экономика, Әлеумет және білім, Мәдениет және руханият, Спорт, Интернет-редакция сияқты бөлімдерге бөлінген.

Газеттің барлық облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында және Шымкентте тілшілер қосыны бар.

«Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамында 100-ден аса адам жұмыс істейді.

Сайты

«Егемен Қазақстан» газетінің сайты 2005 жылы іске қосылған. Сайтта бүгінгі күні газеттің 2005 жылғы қазан айынан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет-версиясын Қытай, Ресей, Түркия, Иран сияқты елдерден оқырмандар қарайды. Қазіргі уақытта egemen.kz сайты оқырмандарының саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Мобильдік нұсқасы және қосымшалары бар.

Газеттің төте жазу әліпбиіндегі және қарпіндегі онлайн-нұсқасы (egemen.kz/tote Мұрағатталған 29 қаңтардың 2017 жылы.) жұмыс істейді.

Сайттың орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасы бар (ru.egemen.kz),(en.egemen.kz)

Қосымшалары

«Егемен Қазақстанның» бірнеше қосымшасы бар. Қосымшалар жеке сайт ретінде де жарық көреді.

«Етжеңді» қосымшасы (etjendi.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) айына бір рет қағаз версияда шығады. Ол мәдени, тарихи және танымдық тақырыптағы мақалаларға арналған.

Бұдан басқа онлайн-версиядағы «Фотоархив» (photo.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) қосымшасында газеттің аса бай фотомұрағаты сақталған.

Бұдан басқа goszakup.egemen.kz Мұрағатталған 29 қаңтардың 2017 жылы., satypalu.egemen.kz Мұрағатталған 19 қазанның 2016 жылы. қосымшалары бар.

Жетістіктері

«Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы көптеген беделді мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Басылымда Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ҚР Президенті сыйлығының, 7 - БАҚ саласындағы ҚР Президенті грантының, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Қазақстан Журналистер Одағы» сыйлығының, «Нұр Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығының иегерлері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің, С.Бердіқұлов атындағы спорт журналистері атындағы сыйлығының лауреаттары жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірқатар журналистер «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгісімен, «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалімен, «ҚР Президентінің «Астана» медалімен, «Қазақстан Халықтарының ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, басқа да медальдармен және алғысхаттармен марапатталған.

Қосымша деректер

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Парламенттің заңдары,құқықтық актілер және басқа да түрлі ресми ақпараттар «Егемен Қазақстан» газеті мен сайтында жарияланады.

Жылына бір рет Жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылған Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындыларын жариялау құқығы «Егемен Қазақстан» газеті мен сайтына берілген.

Астанада «Егемен Қазақстан» атты көше бар. Газеттің бас ғимараты осы көшеде орналасқан.

«Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлерге арналған жатақханасы бар. Ол бас ғимараттың жанына салынған.

Газетті басқарған адамдар

1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған газет басшылары:

Дереккөздер

Мақалалар

·Грант 2020: Білім гранты иегерлерінің тізімі
·Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
·Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!
·Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сілтемелер

«Егемен Қазақстанның» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
«Егемен Қазақстанның» Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
«Егемен Қазақстанның» ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
«Егемен Қазақстанның» Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
«Егемен Қазақстанның» Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
«Егемен Қазақстанның» Youtube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы

{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Егемен Қазақстан
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.