From Wikipedia, the free encyclopedia
Жамантоғай обалары– қола дәуірінен сақталған зират. Түркістан облысы Шардара ауданы Сырдарияның оң жағалауында, бұрынғы Шардара құрылыс кентінен 38 км жерде.
Барлығы 9 оба қазылды. Кейін Шардара су қоймасының астында қалған. 1959-63 ж. Шардара археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова) зерттеген. Топырақтан дөңгелектеп үйген 22 оба аралары 150 м болатын 3 топқа бөлінеді. Обалардың диаметрі 5 - 30 м, биіктігі 0,5 - 2 м. Барлығы 9 оба қазылды. Бұлар мерзімі жағынан 4 тарихи кезеңнің ескерткіштері. Ең көнелері кейінгі қола дәуірі (б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) мен сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне (б.з.б. 7-6 ғ-лар) жатады. Кейінгілері б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы - б.з. 1-мыңжылдығының басы және 3-5 ғ-ларға жатады. Жамантоғай обаларынан табылған заттай деректер табында көптеген қыш ыдыстар, қола, темір, сүйектен жасалған қару-жарақтар, әшекейлер бар. Бұлардың ішінде мыстан құйылған қазан, темір қанжар мен қылықтар, сүйек садақ бөлшектері сирек кездесетін олжаулар қатарына саналады. Зираттың 5-, 9-, 12-обаларында мүрделердің катақомбалы әдіспен жерленгені анықталды. Жерлеу ғұрпының бұл түрі Қазақстанда аз зерттеліп отыр. Бұл өлкеде көне дәуірлен бері халық үнемі тығыз қоныстанып отырған. Тұрғындар, негізінен, мал, егін шаруашылығымен, балық аулаумен шұғылданған. Сондай-ақ, Орта, Алдыңғы Азия, Үндістан елдерімен экономикалық байлауылыныстарды көрсететін деректер де бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.