Жан Боден

From Wikipedia, the free encyclopedia

Жан Боден

Жан Боден (1530-1596) - атақты француз саяси ойшылы, құқықтанушысы, егемендік теориясының негізін қалаушы.

Thumb
Боден Жан

"Мемлекет жайлы алты кітап" еңбегінде ол монархияның шексіз егемендігін қолдады, бірақ монарх билігі құдайдан еместігін алға тартты. Сондай-ақ, ол Макиавелли сияқты саясатты дін мен моральдан ара жігін ажыратып қарастырды. "Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі" деді. Бұл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік ұғымдарына назар аударады. Мемлекеттік басқару жеке әулеттердің мүлкіне емес, тек мемлекеттік мүлікке қана жүреді. Боденнің пікірінше, мемлекеттік биліктің егемендігі пападан да, империядан да, ішкі сословиелік күрестен де тәуелсіз бөлінбес, шексіз, жоғарғы билік. Ол шексіз монархия мен ұлттық мемлекетті жақтады. Егеменді биліктің құрамдас бөліктері: заң шығарушы құқық, бейбітшілік пен соғыс құқы, жоғары лауазымды шенеуніктерді сайлау құқы, рақымшылық ету құқы, ақша басу құқы, - дейді ол. Ж.Боден Монтескьеден әлдеқашан бұрын қоршаған ортаның тұрмысқа, адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың бірге тұру түрлеріне ықпалын анықтаған. "Тарихты оңай зерттеу әдісі" еңбегінде ол осы мәселені жан-жақты ашып қарастырған. Ж.Боден Макиавеллидің ізінше шіркеуден тәуелсіз саяси ғылымға жол ашып, мемлекеттік егемендіктің қажеттігін дәлелдеп, құқық құндылығын арттыруда еңбек сіңірді.[1]

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.